Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

«Мас болған»: келінін зорлаған Ақтөбе тұрғынына сот үкімі шықты

Ақтөбе облысының Алға ауданында келініне қатысты жыныстық сипаттағы қылмыс жасаған ер адам 8 жылға сотталды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Бұл туралы өңірлік соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Сот материалдарына сәйкес, іс Қылмыстық кодекстің 120-бабының 1-бөлігі «зорлау» дерегі бойынша қаралған.

Тергеу барысында айыпталушының алкогольдік ішімдікке мас күйде өз үйінде келініне күш қолданып, оның келісімінсіз жыныстық қатынасқа барғаны анықталған.

Сотта ер адам өзіне тағылған айыпты мойындамаған.

Алайда оның кінәсі жәбірленушінің және куәгерлердің айғақтарымен, сондай-ақ сот-биологиялық сараптаманың қорытындысымен дәлелденген.

Сот шешімімен айыпталушы Қылмыстық кодекстің 120-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ, деп нақтылады Ақтөбе облыстық соты.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button