Белгілі заңгер Мейірман Шекеевтің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған жазбасы елді алаңдатты, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Айтуынша, полиция Конституциядан орыс тілін алып тастау туралы видеоны өшіруді талап етіп жатыр.
«Мақсаттары не, бізді қорқытума? Артымызда халық тұрғанда бізді бұғып қалады деп ойласа бекер. Өзім үшін емес, ұлт мүддесі үшін жүрмін.
Кейбір азаматтарға, пабликтерге немесе журналистерге полиция қызметкерімін деп хабарласып, осы видеоны алып тастауды талап етіп жатыр екен.
Бұл не деген сұмдық?!Қазақстан Республикасының Конституциясының 20-бабына сәйкес, әрбір ҚР азаматының сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі, әр ҚР азаматы өз пікірін еркін білдіруге құқылы.
Бұл әрекеттер президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың саясатына да қайшы, себебі Конституция баптарын талқылау халықтың өзіне ұсынылған.Егер осылай полиция қызметкерлері хабарласып, қысым көрсетіп жатса — маған хабарласыңыздар.
Бірігіп, олардың үстінен іс қозғаймыз», — деп жазды ол.
Желі қолданушылары адвокатқа қолдау білдіріп жатыр.



