Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Депутат жаңа Конституцияда теңгенің рөлін бекітуді ұсынды (ВИДЕО)

Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров Конституцияда теңгені – ұлттық валюта деп нақтылау қажеттігін айтты, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

«Теңге ел азаматтарының күнделікті өмірімен тығыз байланысты. Ол еңбекақы төлеуде, сауда-саттықта, қызмет көрсету саласында, жалпы экономикалық қатынастардың барлығында қолданылады. Демек, теңге ел экономикасының жұмыс істеу тетігін ғана емес, қоғамның әлеуметтік ахуалын да айқындайды. Ұлттық валюта мемлекеттің тарихи жолын, тәуелсіздік кезеңіндегі қалыптасу тәжірибесін де бейнелейді. Теңге – Қазақстанның өз даму бағытын таңдағанын, қаржылық және институционалдық тұрғыдан дербес мемлекет ретінде орныққанын көрсетеді», — деді депутат.

Күні кеше Конституциялық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button