Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Қару, есірткі, ұрланған көліктер: елімізде ірі қылмыстық желі әшкереленді

Қазақстанда ұйымдасқан қылмысқа қарсы бағытталған ауқымды арнайы операция өткізілді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, Бас прокуратураның үйлестіруімен бірнеше қылмыстық топтың заңсыз әрекетінің жолын кесті.

Ресми мәліметке сәйкес, операция бір уақытта Алматы және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Абай және Жетісу облыстарында жүзеге асырылған.

Арнайы қызмет өкілдері қару-жарақтың заңсыз айналымы, қорқытып алу, ұрланған автокөліктерді заңдастыру және басқа да ауыр қылмыстарға қатысы бар тұлғаларды анықтаған.

Нәтижесінде 20 адам ұсталып, олардың 10-ы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тінту шаралары кезінде атыс қаруы мен оқ-дәрілер, есірткі заттары, қомақты ақша қаражаты және тергеу үшін маңызды заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Қазіргі таңда аталған деректер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button