
Қазақстанда сахнада қыз алып қашу тақырыбын насихаттайтын музыкалық шығармаларға қатысты жаңа талаптар енгізілуі ықтимал, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Бұл туралы Мәдениет вице-министрі Евгений Кочетов мәлімдеді.
Оның айтуынша, ведомство орындаушыларға осындай мазмұндағы әндерді орындамауға кеңес береді.
Министрлік бұл қадамды қоғамдағы әлеуметтік ахуалмен және соңғы оқиғаларға байланысты туындаған қоғамдық резонанспен байланыстырады.
«Соңғы кезде кейбір өңірлерде қыз алып қашумен байланысты оқиғалардың қоғамда қандай резонанс тудырғанын көріп отырмыз. Сондықтан бұл мәселеде БАҚ өкілдерінің қолдауына да үміт артамыз. Қоғамның өзі де әртістерді басқа тақырыпта ән шырқауға ынталандырады деп сенеміз», – деді
Кочетов Сенат кулуарында.



