Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Петропавлдық отбасы миллиондаған қаржыны балаларға берді

Петропавл қаласында жүрек тебірентерлік оқиға болды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Ауыр дертпен күрескен 8 жастағы бала өмірден өткеннен кейін, оның еміне жиналған қомақты қаражат өзгелердің үмітіне айналды.

Қоғам тарапынан ұйымдастырылған қайырымдылық шаралары нәтижесінде жиналған қаржының бір бөлігі пайдаланылмай қалған. Отбасының шешімімен бұл қаражат ауыр сырқатқа шалдыққан бірнеше баланың ем-домына бағытталды.

Жалпы сомасы 96 миллион теңгені құраған қаражат үш бірдей балаға бөлініп, олардың шетелде және ел ішінде ем алуына мүмкіндік берілді.

Марқұм баланың ата-анасы бұл қадамды «басқа балалардың өміріне үміт сыйлау» ниетімен қабылдағандарын айтты.

Бұл оқиға қоғамда үлкен қолдау тауып, көпшіліктің алғысына ие болды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button