ЖаңалықтарШоу бизнес

«Күтпеген жағдай»: танымал кәсіпкер әнші Аmre-ге тосын сый жасады

Қазақстандық танымал кәсіпкер Кеңес Рақышев әнші Аmre-ге көлік сыйлады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Бұл туралы әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Бүгін ойламаған жерден жаңа көліктің иесі болдым.

Кеңес ағам маған үлкен сыйлық жасап, шетелдік байқауларымды тамашалап жүргенін айтты. Өнер жолымды қолдау ретінде маған көлік сыйлады. Мен үшін күтпеген жағдай, Рахмет Аға», — деп жазды ол.

Желі қолданушылары ізгі тілектерін білдіріп жатыр.

«Керемет! Қанатыңыз талмасын! Сізге көлік сыйлап, өнеріңізді қолдап жатқан ағамызға Алланың нұры жаусын!», «Керемет құтты болсын.Әбден барлық сыйға қошеметке лайықтысыз.Өнеріңіз әлемдік жоғары деңгейде. Әрқашанда сіз біз үшін жеңімпаз мықтысыз», «Талантты тани біліп бағалаған Рекеңе рахмет сені силайтын сен оларды силайтын ағаларың көп болғай» және «Құтты болсын,тұлпарын,осындай қазақтың жігіттерін қолдап көтеріп жүрген қазақтың азаматтары көп болсын» деп жазып жатыр олар.

 

Back to top button