
Шымкент қаласында көпқабатты үйлердің біріндегі пәтерден бір отбасының үш мүшесінің мәйіті анықталды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Көршілерінің айтуынша, пәтер тұрғындары ұзақ уақыт бойы байланысқа шықпаған. Осыған байланысты олар құтқару қызметіне хабарласқан.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 8 ақпан күні сағат 16:36-да «112» қызметіне пәтер иелерінің қоңырауға жауап бермейтіні және есікті ашпай отырғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жедел құтқару тобы жіберіліп, есік күштеп ашылған.
Пәтер ішінен үш адамның мәйіті табылған.
Алдын ала болжам бойынша, қайғылы жағдай табиғи газдан улану салдарынан болуы мүмкін. Қазіргі таңда оқиғаның нақты себептері анықталып, тергеу амалдары жүргізілуде.


