Жаңалықтар

Тоқаев: Жаңа Конституция мемлекетті түбегейлі жаңғыртуға бағытталған

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында жаңа Конституция жобасының мәні мен маңызына тоқталды, деп хабарлайды QANDASTAR ақпараттық порталы.

Мемлекет басшысының айтуынша, ұсынылып отырған құжат жекелеген баптарға енгізілген түзетулер жиынтығы емес, елдің мемлекеттік негіздерін жаңа тарихи кезеңге сай қайта қалыптастыруға бағытталған ауқымды өзгеріс болып саналады.

Президент жаңа Ата Заңда қоғам сұранысына жауап беретін озық нормалар қарастырылғанын атап өтті. Ол Қазақстан эволюциялық даму жолынан таймай, бірлік пен тұрақтылықты сақтай отырып алға жылжуы тиіс екенін жеткізді.

Сонымен қатар Тоқаев жаңа Конституция елдің дамуына серпін беріп, әр азаматтың мүмкіндігін кеңейтетініне сенім білдірді.

Мемлекет басшысы құжатқа қатысты соңғы шешім жалпыұлттық референдум арқылы қабылданатынын айтты.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button