Әлеумет және қоғамЖаңалықтарҚаржы және төлемдер

«Жақсы, көреміз»: президент Ұлттық банк төрағасына нақты талап қойды

Үкіметтің бүгінгі отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі ең өзекті экономикалық мәселелердің бірін – инфляцияның қашан төмендейтінін тікелей көтерді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Президент Ұлттық банк төрағасынан халықтың күнделікті тұрмысына тікелей әсер ететін баға өсімі бойынша нақты мерзім сұрады.

Ресми дерекке сәйкес, 2026 жылдың қаңтарында жылдық инфляция деңгейі 12,2 пайызды құрады. Осыған байланысты Тоқаев инфляцияның бірмәнді көрсеткішке, яғни 10 пайыздан төмен деңгейге қашан түсетінін нақтылады.

Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменовтің айтуынша, биылғы негізгі мақсат инфляцияны 10 пайыздан төмен түсіру болып отыр.

«Оcы жылда бізде инфляцияның дәлізі 9-12 процент деп болжанып отыр. Сондықтан біздің негізгі мақсатымыз — биыл инфляцияны 10 проценттен төмен түсіру. Әрине, жылдың қорытындысы бойынша 9 процент және одан төмен болғаны керек”, – деді Ұлттық банк төрағасы.

Президент бұл жауапқа қысқа әрі нақты пікір білдірді.

“Жақсы, көреміз”, – деді Тоқаев.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button