
Ақтөбе облысында жол апатынан төрт адам мерт болды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Оқиға Ақтөбе-Орск тасжолында болған.
Қарғалы ауданы Қосестек ауылында жеңіл және жүк көлігі соқтығысты.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Opel маркалы жеңіл көліктің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, көлігімен соқтығысқан.
Салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.
Қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр.


