
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Италияда өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарында жарқын нәтиже көрсетті, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Ерлер арасындағы қысқа бағдарламада ол 92.94 ұпай жинап, 5-орынмен финалға жолдама алды.
Финалға барлығы 24 спортшы өтті.
Қысқа бағдарлама көшбасшылары:
• Илья Малинин (АҚШ) — 108.16 ұпай
• Юма Кагияма (Жапония) — 103.07
• Адам Сяо Хим Фа (Франция) — 102.55 (жеке рекорды)
• Даниэль Грассль (Италия) — 93.46
• Михаил Шайдоров (Қазақстан) — 92.94
Енді басты сынақ — еркін бағдарлама.
Шешуші сайыс 13 ақпанда, Астана уақытымен 21:00-де өтеді.
Айта кетейік, Қазақстан тарихында Олимпиадада мәнерлеп сырғанаудан жүлде алған жалғыз спортшы — Денис Тен.
Ол 2014 жылы Сочи Олимпиадасында қола медаль иеленген еді.



