ЖаңалықтарШоу бизнес

«Достарымыздың інісі мен келіні»: Жанболат пен Жазира болашақ құдалары жайлы ашып айтты

Жұлдызды жұп Жанболат Ербатыров пен Жазира Байырбекова болашақ құдалары жайлы алғаш рет ашып айтты, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Жазира Байырбекованың айтуынша, жаңа құдалар жұбайынан 11 жас кіші.

Сондай-ақ әнші бұл той китсіз өтетінін, оның себебін де түсіндірді.

«Болашақ құдағиымның сұлулығына осыдан 15 жыл бұрын таң қалғанмын,таң қалмайтын адам жоқ шығар. Құдам да өте сымбатты жігіт.

15 жылдан бері танимыз. Ал келініммен жақында таныстық.

Құдам мен құдағиым Жанболаттан 11 жас,менен 7 жас кіші.Достарымыздың інісі мен келіні.

Китсіз қандай той болады деген сұрақ көп екен.

Китсіз дегеніміз киілмейтін мата-сата ғой.

Басқа кәделердің (қалың мал,ана сүті,алтындар,шапандар,қоржын) бәрі әрине болады», — деп жазды әнші.

Желі қолданушылары өз тілектерін жазып жатыр.

Back to top button