Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Lamborghini, Maybach және криптоақша: Алматы облысында онлайн-құмар ойын желісі әшкереленді

Алматы облысы бойынша ҚМА департаменті заңсыз интернет-казино ұйымдастырған қылмыстық топқа қатысты ірі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Тергеу дерегінше, күдіктілер заңсыз қызметті жасыру үшін жалған тұлғалардың атына тіркелген, өзара байланысы бар бірнеше заңды тұлғадан құралған күрделі желі құрған.

Қылмыстық схемаға 1Win интернет-платформасы тартылған.

Платформада 11 мыңнан астам онлайн ойын, сондай-ақ спорттық және киберспорттық оқиғаларға бәс тігу мүмкіндігі болған.

Бәс қабылдау мен ұтыстарды төлеу банк карталары, электронды төлем жүйелері және криптовалюта арқылы жүзеге асырылған.

Күдіктілер халықаралық іздеуге жарияланып, оларға қатысты сырттай қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Сонымен қатар, қылмыстық жолмен алынған активтерді мемлекет пайдасына алу үшін сотқа дейінгі тәркілеу шаралары қолданылған.

Тәркіленген мүліктер қатарында:
• Mercedes Maybach S500
• Lamborghini Huracan
• Toyota Land Cruiser
• банк шоттарындағы 151 млн теңге,
• 14 600 АҚШ доллары,
• 44 400 еуро бар.

Сот қаулысымен жалпы құны 420 млн теңгеден асатын мүлік мемлекет кірісіне тәркіленді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button