Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Рамазан айы қарсаңында пітір садақаның мөлшері бекітілді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Рамазан айы қарсаңында пітір садақаның бекітілген мөлшерін жариялады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Бүгін өткен мүфтияттың төралқа мәжілісінде ел бойынша ортақ мөлшер ресми түрде нақтыланды.

«Пітір садақасының мөлшері 735 теңге болып белгіленді. Пітір садақаның мөлшері еліміз бойынша 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Ал ұнның бағасы ҚМДБ-ның қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталды. Пітір садақасын құрма, мейіз бағасымен де беруге болады», — дейді мүфтият мамандары.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button