Шымкентте жасөспірімнің үстіне ағаш құлап, қайтыс болды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы қалалық әкімдікке сілтеме жасап.
«Шымкентте ауа райының қолайсыздығынан ағаш құлап қайтыс болған баланың туған-туыстарына және жақындарына қайғыра көңіл айтамыз», — делінген мәлімдемеде.
Қайғылы жағдайға қатысты қала әкімінің тапсырмасымен арнайы комиссия құрылып, оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.
Отбасына барлық қажетті қолдау көрсетіледі.
Әкімдік қала тұрғындарын ауа-райының қолайсыздығына байланысты қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады.



