
Әнші әрі продюсер Нұртас Айдарбеков кенже келінін туған күнімен құттықтап, жазба жариялады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
«Еее құдай берген өзі ерке, өзі кенже келінім Идирамның дүние есігін ашқан күн, Алла ғұмыр берсін өзіне және отбасына!» — деп жазды Нұртас Айдарбеков.
Желі қолданушылары қайын атасы мен келінінің арасындағы сыйластықты жоғары бағалап, ізгі тілектерін жазып жатыр.
«Керемет қайын ата! Қаншама адамға үлгі болатын қайын ата! Келіндеріне сыйлы болып,құрметке лайық болған қайын ата! Немерелерінің бәрін бірдей жақсы көретін бақытты нағыз ата! Осындай атасы бар ұрпағы да бақытты!», «Қызындай жақсы көрген атасынан айналдық» және «Құтты болсын келініңіздің келген жасы, ғұмырлы болсын!» деп жазып жатыр олар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram



