
Қазақстанның жаңа Конституциясының қорытынды жобасы Қазақстан Республикасы Конституциялық сотының сайтында жарияланды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Күні кеше президент 15 наурызда республикалық референдум өтетіні туралы жарлыққа қол қойған болатын.
Референдумға бір ғана сұрақ шығарылады: «2026 жылдың 12 ақпанында бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?».
Жаңа Ата заң қабылданған жағдайда парламент өз өкілеттігін 1 шілдеден бастап тоқтатады.
«Конституция күшіне енген күннен бастап бір ай ішінде президент Құрылтай сайлауын жариялауға тиіс және ол екі ай ішінде өткізілуге тиіс», — делінген құжатта.
Бірінші шақырылған Құрылтайдың бірінші сессиясы ашылған күннен бастап екі ай ішінде президент Құрылтайдың келісімімен вице-президентті тағайындайды.



