Әлеумет және қоғамЖаңалықтарҚаржы және төлемдер

БҚО-да бухгалтер миллиондаған бюджет қаржысын құмар ойынға салып жіберген

Облыстық прокуратура мемлекеттік кәсіпорындардың бірінде аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, лудоманияға шалдыққан кәсіпорынның бухгалтері компания қаражатын заңсыз пайдаланып, оларды «1XBet» букмекерлік кеңсесінде бәске тіккен.

Сондай-ақұрланған ақшаға жаңа автокөлік сатып алған.

Мемлекетке келтірілген жалпы залал 118 миллион теңгені құрады.

Бөтен мүлікті аса ірі мөлшерде заңсыз иемдену фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тергеуді арнайы прокурорлар жүргізуде.

Сот санкциясымен күдікті тергеу изоляторында қамауда отыр, автокөлікке тыйым салынды.

Айта кетері, 2025 жылы Батыс Қазақстан облысында прокуратура органдарының қадағалау актісі негізінде букмекерлік кеңселерде бәс тігуге қатысқаны үшін түрлі мемлекеттік органдардың 16 қызметкері жұмыстан босатылған.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button