
Заңсыз қудаланған Батыс Қазақстан облысының тұрғыны мемлекеттен 7,7 миллион теңге өндіріп алды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Ол алты ай бойы уақытша ұстау изоляторында қамауда болып, кейін бір ай үйқамақта отырған.
Алайда тергеу барысында прокурор қылмыс құрамының болмауына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы шешім қабылдаған.
Сотта талап қоюшы мемлекеттік мекемеден 15 миллион теңге моральдық зиян, сондай-ақ 4 миллион теңге материалдық шығын өндіруді сұраған.
Талапкер қылмыстық істің қозғалуына байланысты жұмысынан айырылып, тұрғылықты жерін ауыстыруға мәжбүр болғанын мәлімдеген.
Нәтижесінде сот шешімімен оның пайдасына 7 миллион теңге материалдық шығын, сондай-ақ өкіл қызметіне 700 мың теңге өтемақы өндірілді. Жалпы өтемақы сомасы 7,7 миллион теңгені құрады.



