Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Жетісу облысында дүкенде жарылыс болды: зардап шеккендер бар

Жетісу облысы Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылында азық-түлік дүкенінде газ-ауа қоспасы жарылды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Жазатайым оқиға 15 ақпан күні шамамен сағат 18:45-те болған.

Оқиға салдарынан сыртқы қабырға мен шатыр ішінара құлап, шамамен 36 шаршы метр аумаққа зақым келді.

Үш адам жарақат алып, тексеруден кейін орталық аудандық ауруханаға жеткізілді.

Зардап шеккендердің жағдайы орташа, тұрақты, дейді аудандық әкімдік.

Жетісу облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері оқиға орнына жедел жетті, 27 адам және алты техника жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button