
Qandastar сайтының хабарлауынша, бұл дерек Tengrinews.kz порталына сілтеме жасай отырып жарияланған: ұсынылған вакансиялардың 47,6 пайызы немесе 48,9 мыңы жұмысшы мамандықтарына тиесілі, бес негізгі салада кадрларға сұраныс жоғары; өңірлер бойынша ең көп бос орындар Астанада (8,9 мың), Түркістан облысында (7,3 мың), Қарағанды облысында (7,1 мың) және Алматыда (6,9 мың) тіркелген.
Қаңтар айында ең жоғары жалақы бұрғылау жөніндегі супервайзерлерге (орта есеппен 991 мың теңгеден), өндіруші өнеркәсіптегі учаске бастықтарына (876 мың теңгеден) және бас геологтарға (803 мың теңгеден) ұсынылған.
