Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Атырауда қасақана ВИЧ жұқтырды деген күдікпен 2 трансвестит ұсталды (ВИДЕО)

Атырау қаласында 23 және 28 жастағы екі азамат ұсталды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Олар 2025 жылдың желтоқсан айынан бастап өздерінде АИТВ инфекциясының бар екенін біле тұра, арнайы медициналық есепте тұрғанына қарамастан, транс тұлғалар ретінде ақылы интимдік қызмет көрсетуді жалғастырған.

Жедел іс-шаралар Атырау облысы полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен жүргізілді.

Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған дерек бойынша өзінде бұл аурудың бар екенін біле тұра, басқа адамға АИТВ инфекциясын жұқтыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қасақана қауіп төндіру – ауыр қылмыс болып табылады.

Мұндай әрекеттер үшін 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button