
Ер адамға кәмелетке толмағанды зорлау және тұрғын үйге заңсыз кіру баптары бойынша айып тағылды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Зейнеткер 15 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылып, жазасын орташа қауіпсіздік колониясында өтейтін болды.
Еске сала кетейік, оқиға Түркістан облысының Келес ауданында болған.
Желіде тараған ақпарат бойынша, азғындық жасады деген ер адам – қыздың туысы.
Жасөспірімнің жүкті екенін ата-анасы жеті айында білген. Ол биыл ақпан айында босаныпты.
Оны естіген ауыл үлкендері күдіктінің отбасы көшсін деп талап етті.



