Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Атыраудағы отбасының жұмбақ өлімі: күдіктілер саны артты

Атырау облысындағы Жангелді ауылында болған жұмбақ қылмыс ісі жаңа кезеңге өтті.

Марқұм ерлі-зайыптының Индонезияда ұсталған қызы ресми түрде күдікті ретінде танылды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Бұл ақпаратты ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді.

Бұған дейін халықаралық іздеуде болған әйел күйеуімен бірге Ломбок аралында қолға түскен.

Тергеу деректеріне сәйкес, отбасының күйеу баласы — Сұлтан Сәрсемалиев ерлі-зайыптыны өлтіруді алдын ала жоспарлаған.

Қылмысқа қатысы бар тұлғалар шеңбері кеңейіп, енді марқұмдардың қызы да тергеу нысанына айналды.

Айта кетейік, өткен жылдың қарашасында бір отбасының төрт мүшесі хабар-ошарсыз жоғалып, кейін ерлі-зайыптының мәйіті табылған еді. Бұл іс қоғамда үлкен резонанс тудырған.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button