Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Қарағандыда бір топ жасөспірім қатарлас қызды аяусыз соққыға жыққан (ВИДЕО)

Қарағандыда жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Қала тұрғыны полицияға жүгініп, оның кәмелетке толмаған қызына бір топ жасөспірім дене жарақатын салғанын хабарлаған.

Аталған факт бойынша кәмелетке толмаған адамға қатысты заңсыз әрекеттер бабымен қылмыстық іс қозғалды.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері алты кәмелетке толмаған жасөспірімді анықтап, оларды полиция бөліміне жеткізді.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдіктілер жәбірленушіге бұзақылық ниетпен қасақана дене жарақатын салған.

Алғашқы тергеу әрекеттерінің нәтижесінде шабуылды бастаған жасөспірім ұл мен қыз уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қалған қатысушылардың әрекеттеріне тергеу аясында құқықтық баға берілетін болады.

Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың ата-аналарына қатысты балаларды тәрбиелеу міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік шаралар қолданылды.

Оқиға кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі кеңесте қаралды.

Тергеу аяқталғаннан кейін кінәлі деп танылған тұлғаларды арнайы білім беру ұйымына жіберу туралы шешім қабылданды.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button