Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті жаңа жоба дайындады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Құжат сотталғандарды ұстау жағдайларын жақсартуға және рәсімдердің ашықтығын арттыруға бағытталған.
Атап айтқанда, мінез-құлқы оң дәрежедегі сотталғандар үшін «тынығу уақыты» енгізіледі.
Сондай-ақ ең төменгі қауіпсіздік мекемелеріндегі сотталғандарға мекеме аумағынан тыс жерде смартфон пайдалануға рұқсат беру жоспарлануда.
Бұдан басқа, кездесулерге және қалаға шығуға өтініш беру арнайы терминалдар арқылы жүзеге асырылады.
«Бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді», — делінген мәлімдемеде.



