Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

«Қазақмыс» геологияны цифрландыруға көшеді: 2026 жылдан бастап 3D модельдеу енгізіледі

2026 жылы «Қазақмыс» геологиялық барлау жүйесін түбегейлі жаңартуға кіріседі.

Компания кен орындарын зерттеу үдерісін толық цифрландыруға және үш өлшемді геологиялық модельдеуге көшуге шешім қабылдады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Бұл қадам Micromine бағдарламасы негізінде жүргізілген ішкі талдау мен тәуелсіз аудиттен кейін қабылданған.

Тексеру нәтижесінде қазіргі құралдардың толық пайдаланылмайтыны, есептеулердің басым бөлігі 2D форматта жүргізілетіні анықталған. Бұл модельдеу мен болжау мүмкіндіктерін шектеп келген.

2026 жылдан бастап «Қазақмыс» 3D геологиялық модельдеуді енгізіп, шамамен 400 маманды Micromine Origin & Beyond жүйесі бойынша оқытуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар бейінді қызметкерлерге арналған Micromine Advance бағдарламасы бойынша тереңдетілген курстар өтеді. Кен орындарының литологиялық және гидрологиялық модельдері де жасалып, табиғи факторларды кешенді есепке алу мүмкіндігі қалыптасады.

Компания Geobank атты орталықтандырылған геологиялық деректер жүйесін енгізіп, барлық активтер бойынша бірыңғай ақпараттық база құрады. Бұл кен қорын есептеудің дәлдігін арттырып, өндірісті жоспарлау тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді.

Цифрлық трансформация Жезқазғанда салынатын жаңа геологиялық кластермен толықтырылады. Жалпы аумағы 14 мың шаршы метрді құрайтын кешен құрамына 200 мың қума метрге дейінгі керн сақтау қоймасы, зертханалар, дәрісханалар және мұражай аймағы кіреді. Жоба аясында шамамен 200 жаңа жұмыс орны ашылады.

Осылайша компанияда геологиялық барлаудың толық циклы қалыптасады: кернді сақтау мен зерттеуден бастап цифрлық модельдеуге және мамандар даярлауға дейінгі барлық процесс бір жүйеге біріктіріледі. Бұл өндірісті дәл жоспарлауға, тәуекелдерді азайтуға және минералдық-шикізат қорының тұрақты дамуына негіз қалайды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button