Албанияның Тирана қаласында өтіп жатқан еркін күрестен рейтингтік турнирде Қазақстан құрамасы қола жүлдеге қол жеткізді. Мәліметті Zakon.kz сайтына сілтеме жасап Qandastar.kz жариялады.
86 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Болат Сақаев жарыстың жүлделі үшінші орнына ие болды. Ол жартылай финалға дейін жеткенімен, бұл кезеңде Грекия спортшысы Георгиос Куюмцидиске есе жіберді.
Қола жүлде үшін өткен шешуші белдесуде Болат Сақаев түрікменстандық Алп Арслан Бегенджовтен басым түсіп, жеңіс тұғырына көтерілді.


