Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Ақмола облысында кафе жарылды: 7 адам қаза тауып, 20-ға жуығы зардап шекті (ВИДЕО)

Бурабай ауданының Щучинск қаласында бес қабатты тұрғын үйге жапсарлас бір қабатты кафеде газ–ауа қоспасы жарылып, өрт шықты, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Хабарлама түскеннен кейін 5 минут ішінде Ақмола облысының ТЖД күштері мен құралдары оқиға орнына келді.

Өрт сөндірушілер жанған ғимараттан 8 газ баллонын алып шықты және 10-нан астам адамды құтқарды.

Жедел деректерге сәйкес, барлығы 26 адам зардап шекті, оның ішінде 7 адам қаза тапты (оның бірі – 16 жастағы қыз).

13 адам Бурабай аудандық ауруханасында, 6 адам амбулаториялық бақылауға жіберілді.

Оқиға орнында облыстық жедел штаб жұмыс істеуде.

Өрт толығымен сөндірілді.

Ақмола облысының әкімдігі қаза тапқандардың отбасыларына және зардап шеккендерге барлық қажетті көмекті көрсетеді.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button