Әлеумет және қоғамСаясат

Сот органдары өңдейтін жеке деректер тізбесін бекіту туралы бұйрық жобасы жарияланды

Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі соттар пайдаланатын жеке деректердің нақты тізбесін айқындайтын бұйрық жобасын әзірледі. Құжат жеке ақпаратты құқықтық тұрғыдан реттеуге және деректерді қорғау талаптарын күшейтуге бағытталған. Жоба 16 наурызға дейін қоғамдық талқылауда болады

Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі басшысының «Сот органдары жүзеге асыратын міндеттерді орындауға қажетті және жеткілікті жеке деректер тізбесін бекіту туралы» бұйрық жобасы әзірленді, деп хабарлайды Qandastar.kz сайты Zakon.kz порталына сілтеме жасап.

Жоба аясында соттар пайдаланатын жеке деректердің нақты тізбесі белгіленген. Құжатта жеке және заңды тұлғаларға қатысты мәліметтер, жеке бас деректері, еңбек өтілі мен қызметі, мүліктік жағдайы, сот процестеріне қатысуы, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке байланысты ақпарат, сондай-ақ соттардың өз құзыреті шегінде өңдейтін өзге де деректер қамтылған.

Әзірлеушілердің айтуынша, бұл бастама сот органдары өңдейтін жеке ақпаратты құқықтық тұрғыдан жүйелеуге және реттеуге бағытталған. Сонымен қатар жеке деректерді қорғау саласындағы заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету көзделеді.

Бұйрық жобасы 16 наурызға дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында орналастырылған.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button