Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Босния және Герцеговинаның төралқа төрағасына құттықтау жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz. Бұл туралы дерекке сілтеме жасаған Qandastar.kz сайты хабарлады.
Ақорданың мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев Желько Комшичке Босния және Герцеговинаның Тәуелсіздік күніне орай арнайы жеделхат жолдады.
Президент Астана мен Сараево арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдауға негізделген ынтымақтастық қос елдің игілігі үшін алдағы уақытта да нығая түсетініне сенім білдірді.
Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Алғыс айту күнімен құттықтаған болатын.



