Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Таяу Шығыстағы жағдайды жіті бақылауда ұстап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz. Бұл туралы дерекке сілтеме жасаған Qandastar.kz сайты хабарлады.
Осы жөнінде Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Айбек Смадияр мәлімдеді. Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Королі ІІ Абдаллаға хат жолдап, қазіргі күрделі кезеңде бауырлас иордан халқына қолдау білдіретінін жеткізді.
Президент ахуалдың одан әрі шиеленісуіне әкелуі мүмкін әрекеттерден бас тартуға шақырып, кез келген халықаралық қақтығыс дипломатиялық тәсілдер арқылы шешілуі қажет екенін тағы да атап өтті.

