Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

«ҚазАвтоЖол» басшысы қанша жалақы алады (ВИДЕО)

Бүгін өткен брифингте «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Дархан Иманашев жалақы мәселесіне қатысты нақты мәлімет берді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Оның айтуынша, компания қызметкерлерінің орташа айлық жалақысы 495 000 теңгені құрайды.

Ал басқарма төрағасының жеке жалақысы 1,2 миллион теңге.

«Орта есеппен алғанда қызметкерлердің жалақысы 495 000 теңге, жеке менікі – 1,2 млн теңге», — деді «ҚазАвтоЖол» басшысы.

Дархан Иманашевтің сөзінше, бұл көрсеткіштер компанияның ішкі штаттық кестесіне сәйкес бекітілген.

Брифинг барысында басшы еңбекақы көлемін ашық атап өтіп, қаржылық ашықтық қағидатын ұстанатынын жеткізді.

Айта кетейік, «ҚазАвтоЖол» – еліміздегі республикалық маңызы бар автожолдарды басқару және күтіп-ұстауға жауапты ұлттық оператор. Соңғы жылдары компания жол сапасы, жөндеу жұмыстары және инфрақұрылымды жаңғырту мәселелеріне байланысты қоғам назарында жүр.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button