Жаңалықтар

Kazakhmys Smelting ұжымы: Жаңа Конституция – еңбек адамының кепілі

Kazakhmys Smelting ұжымы 2026 жылғы 15 наурызда өтетін жалпыхалықтық референдумға шығарылатын Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын қолдайтынын мәлімдеді.

Өндірісте әр қызметкер мен әр бөлімшенің рөлі қаншалықты маңызды болса, ел тағдырында да әр азаматтың таңдауы айрықша мәнге ие. Қуатты әрі тұрақты мемлекет заң үстемдігіне, әділеттілікке, адам құқықтарын құрметтеуге және қоғамдық келісімге сүйеніп дамиды.

Металлургтердің айтуынша, жаңа Конституция жобасы еңбек адамының мәртебесін нақтылай түседі.

«Біз үшін басты құндылық – қауіпсіз еңбек жағдайы. Жұмысшының өмірі мен денсаулығы бәрінен биік тұруы керек. Әділ еңбекақы, кемсітушіліктің болмауы, сенімді әлеуметтік қорғаныс пен демалыс құқығы – жай талап емес, нақты кепілдікке айналуы тиіс», – деді өндіріс өкілдері.

Құжат жобасы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтіп, әлеуметтік жауапкершілікті арттыруды және еңбек адамын қолдауды мақсат етеді.

15 наурыздағы референдум – ел болашағы үшін маңызды таңдау. Балқаш мыс балқыту зауытының ұжымы оны жауапты қадам деп бағалайды.

Еңбек адамы – мемлекеттің берік тірегі.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button