ЖаңалықтарШоу бизнес

«Келін боласың»: Жұлдыз Әбдукәрімова қызына өсиетін жазды

Актриса, продюсер Жұлдыз Әбдукәрімова желіде жазба жариялап, қыз тәрбиесі жөнінде ойымен бөлісті, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Ол екінші қызы Алуамен суреттерін бөлісті.

«Біліп жүргейсіз!

Менің қызым өз үйіне қонақ емес, ол менің жалғасым!

Мен қызымды өзге үйге «келін боласың» — деп өсірмеймін, өз өмірі, қалауы, еркі, сезімі бар тұлғасың деп аялаймын!

Қызыма қырық үйден тыйым емес қолдау бар», — деп жазды Жұлдыз Әбдукәрімова.

Желі қолданушылары продюсердің сөзіне қолдау білдіріп жатыр.

«Қыздың қырық жаны жоқ, қызда бір-ақ жан бар. Қыз — қонақ емес, қыз — құт. Қыз — береке. Қыз бар үйдің шамы сөнбейді, төрі бос болмайды. Қыз күлсе — үйдің іші нұрға толады, қыз мұңайса — шаңырақтың шырағы солғын тартады», «Қыз өссе-елдің көркі, Гүл өссе-жердің көркі. Өте керемет қолдаймын» және «Осы сөздің мағанасын тек қыз өсіріп отқан аналар жақсы, дұрыс жағынан түсінсе, қыз құт! Қыз қонақ емес! Өте салмағы ауыр сөз» деп жазып жатыр олар.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button