Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Qandastar.kz сайты Tengrinews.kz порталына сілтеп.
Ведомствоның мәліметінше, 5 наурыз күні қала аумағында уақытша тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15 метрге дейін жетеді.
Сондай-ақ 5 наурызда Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтарында қатты қар жаууы мүмкін. Желдің екпіні 18–23 м/с-ке дейін күшейіп, күндіз кей уақытта 28 м/с-ке дейін жетуі ықтимал.
Алматы ТЖД жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді көктайғақ кезінде аса сақ болуға және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырды. Сонымен қатар мамандар таулы аймақтарға барудан уақытша бас тартуға кеңес берді.



