
«Қазақмыс» ЖШС-нің Жезқазған байыту фабрикасының ұжымы 15 наурызда республикалық референдумға шығарылатын жаңа Конституция жобасын қолдайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Фабрика – өндірістік тізбектегі маңызды буындардың бірі. Мұнда әр ауысым сайын мыңдаған тонна кен өңделіп, жоғары сапалы мыс концентраты дайындалады.
Мамандардың айтуынша, дәл осы кезеңде болашақ металдың сапасы қалыптасады.
Кәсіпорында өндірістік үдерістердің дәлдігі, жабдықтардың тұрақты жұмысы және еңбек тәртібінің сақталуы шешуші рөл атқарады. Әр қызметкер өз теліміндегі міндетін нақты біледі, ал барлық жұмыс айқын қағидалар мен жауапкершілікке негізделген.
Фабрика жұмыскерлері мұндай қағидаттар ел дамуы үшін де маңызды екенін атап өтті. Олардың пікірінше, баршаға бірдей түсінікті ережелер тұрақтылықты қамтамасыз етіп, сенімді құқықтық орта қалыптастырады.
«Біз күн сайын тәртіп пен ереженің ортақ нәтижеге қалай әсер ететінін көріп жүрміз. Ереже бәріне бірдей болған кезде сенім пайда болады», – дейді кәсіпорын қызметкерлері.
Ұжымның айтуынша, жаңартылған Конституция жобасын қолдау – тұрақтылық, тәртіп және даму жолындағы саналы таңдау.
Посмотреть эту публикацию в Instagram



