
Үкімет басшысының төрағалығымен өткен төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штабтың отырысында Щучинск және Семейдегі төтенше жағдайлар қозғалды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Премьер-министр мемлекеттік органдар басшыларының назарын Щучинск және Семей қалаларында болған оқиғаларды ескере отырып, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне аударды.
Өз кезегінде төтенше жағдайлар министрі аталған екі факт бойынша қылмыстық істер қозғалғанын, тиісті сараптамалар жүргізіліп жатқанын баяндады.
Щучинск қаласында қаза тапқандардың отбасыларына қажетті көмек көрсетілді.
Ведомствоаралық комиссия жұмыс істеп жатыр.
«Жарылыстың себебі – тұрмыстық газ баллондарын қауіпсіз пайдалану ережелерінің бұзылуы. Семей қаласындағы балалар ойын-сауық орталығында орын алған өртке келетін болсақ, ТЖМ күштері өртті тез арада тоқтатты, бұл адам шығынының болмауына мүмкіндік берді», — делінген мәлімдемеде.
Олжас Бектенов министрге әкімдіктермен бірлесіп өрт қауіпсіздігін күшейтуді, профилактикалық рейдтер жүргізуді және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыруды тапсырды.
Естеріңізге сала кетейік, Щучинскідегі дәмханадағы жарылыстан 29 адам зардап шегіп, қайтыс болғандары саны 9-ға жетті.
Ал Семейде сауда ойын-сауық орталығында өрт шығып, 11 адам көмекке жүгінген. Оның ішінде 4-еуі – бала.