Әлеумет және қоғамЖаңалықтарҚаржы және төлемдер

Базалық мөлшерлеме 18% деңгейінде қалды

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18,0% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 24 сәуірде Астана қаласының уақытымен сағат 12:00-де жарияланады.

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 18,0% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады. Бұл шешім болжам раундының нәтижесіне, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің жаңартылған бағалауы мен инфляция тәуекелдерінің теңгеріміне сүйене отырып қабылданды», — делінген мәлімдемеде.

Жылдық инфляция 11,7%-ға дейін төмендеді.

Азық-түлік тауарлары бойынша бағаның өсуі 12,7% (12,9%), азық-түлікке жатпайтын тауарлар бойынша – 11,6% (11,7%), ақылы қызметтер бойынша – 10,8% (12%) болды.

Дегенмен айлық инфляция 2026 жылғы ақпанда жеделдеп, 1,1%-ды құрады.

Азық-түліктің әлемдік бағасы баяулап келеді. Сүт өнімдері мен қант бағасының төмендеуі сақталып отыр. Дәнді дақылдар мен өсімдік майының әлемдік бағасы өскені байқалды.

Back to top button