Астана, Алматы және Шымкент қалаларына арналған 7 наурыздағы ауа райы болжамы OpenWeather порталы жариялады, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Алматыда күн бұлтты болады. Күндіз температура 10 градусқа дейін көтеріледі, ал түнде 0 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 2,2 м/с шамасында.
Астанада қар аралас жаңбыр жауып, күндізгі температура 2 градусқа дейін жетеді, түнде -8 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 9,2 м/с болады.
Шымкентте күн ала бұлтты, күндізгі температура 17 градусқа дейін көтеріліп, түнде 2 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 2,8 м/с болады.



