Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Атыраудағы жұмбақ өлім: Индонезияда ұсталған күдіктілер елге жеткізілді

Атырау облысындағы Жангелдин ауылында болған қос кісі өлтіру ісі бойынша халықаралық іздеуде жүрген күдіктілер Қазақстанға жеткізілді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы «Ақ Жайыққа» сілтеме жасап.

Дереккөздердің мәліметінше, бұрын Индонезияда ұсталған Сұлтан Сәрсемәлиев пен Ақбаян Мұқанғалиева 9 наурыз күні Алматы арқылы Атырауға жеткізілген.

Еске салсақ, күдіктілер 2026 жылдың 24 ақпанында Индонезияның Ломбок аралында қолға түскен. Оларды ұстау операциясына Индонезиядағы Интерпол ұлттық орталық бюросы, Солтүстік Ломбок полициясы және иммиграция қызметі қатысқан.

Құқық қорғау органдарының дерегінше, аталған адамдар Интерполдың «Қызыл хабарламасы» бойынша халықаралық іздеуде болған.

Тергеу нұсқасына сәйкес, олар Атырау облысындағы Жангелдин ауылында ерлі-зайыптылардың өліміне қатысы бар деп күдіктеледі. Алдын ала мәлімет бойынша, жәбірленушілерге суық қарумен шабуыл жасалып, кейін олардың денелері жасырылған. Сондай-ақ күдіктілер марқұмдардың мүлкі мен ақшасын алып кеткен деген болжам бар.

Тергеушілердің айтуынша, қылмыс пайдакүнемдік мақсатта алдын ала жоспарланған болуы мүмкін.

Индонезия полициясы күдіктілердің 2025 жылдың желтоқсанында Куала-Лумпурдан Бали аралы арқылы елге кіргенін анықтаған. Кейін олар Ломбок аралына барып, ұсталғанға дейін сол жерде тұрған.

Қазір іс бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button