Әлеумет және қоғам

Мөлдір Мұқановаға балалары 501 ақ раушан сыйлады

Әнші Мөлдір Мұқановаға 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай балалары тосынсый жасап, 501 ақ раушаннан тұратын үлкен себет тарту етті. Видеоны желіде 900 мыңнан астам адам көріп, 50 мыңнан асау қолданушы лайк басқан.

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жұбайы, әнші Мөлдір Мұқановаға балалары ерекше тосынсый жасады. Бұл туралы Qandastar.kz сайты Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.

Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялап, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай балаларының жасаған сыйлығын көрсетті.

Бес бала аналарына ақ раушан гүлдерінен құралған үлкен себет тарту еткен. Гүлдердің саны – 501 дана.

«501 раушан. Сіз жақсы көретін ақ раушандар», – деді қыздары.

Мөлдір Мұқанова мұндай сыйлықты көріп қатты таңғалғанын айтты. Ол бұған дейін мұншалық көп гүл алып көрмегенін жеткізді.

Балалары әзілдеп: «Бұдан азына келіспейміз», – деді.

Өз кезегінде әнші де әзілмен жауап беріп: «Енді тек 502, 503 раушан ба?» – деп қуанышын жасырмады.

Жылы әрі әсерлі видео әлеуметтік желіде кең таралып, 900 мыңнан астам қаралым жинап, шамамен 50 мыңға жуық қолданушының лайкына ие болды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button