
Жәнібек Әлімханұлы IBF нұсқасы бойынша чемпиондық белбеуінен айырылды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Бұл туралы Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясының президенті Рахымжан Ерденбеков жазды.
Ұйымның хатына сәйкес, спортшы өз белбеуін 4 шілдеге дейін қорғауы керек болған.
Алайда допинг дауына байланысты ол 2026 жылдың 2 желтоқсанына дейін шеттетілді.
Айтуынша, спортшының командасы апелляциялық шағым түсірмек.
«Бүгін, тура бір сағат бұрын, IBF шешім шығарды. Бізге белгілі, IBF-тің қатаң ережелері бар, олар өз хатында осыған сілтеме жасады. Олардың хатына сәйкес, Жәнібек Әлімқаұлы 2026 жылдың 2 желтоқсанына дейін шеттетілді. Олардың ережелерінде кез келген салмақ дәрежесіндегі кез келген чемпион өз белбеуін тоғыз ай бойы қорғауы керек деп көрсетілген, яғни Жәнібек оны 2026 жылдың 4 шілдесіне дейін қорғауы керек.
Қазіргі жағдайға байланысты, 2026 жылдың 5 наурызында IBF директорлар кеңесі титулды дереу бос деп жариялау туралы шешім қабылдады.
Федерация президенті ретінде мен бұл жағдай Жәнібектің командасына үлкен сабақ берді деп санаймын. Дегенмен, ол биыл үлкен рингке одан да күштірек оралады және жақын арада төрт әлем титулын да жеңіп алады.Жәнібектің командасы бұл іс бойынша апелляциялық шағым түсіреді», — деп жазды Ерденбеков.
Посмотреть эту публикацию в Instagram


