
15 жастағы жасөспірім қызды зорлады деген айып тағылған әскери қызметші 15 жылға сотталды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы «Выход к правде» Telegram каналына сілтеме жасап.
Қылмыс Ақтөбеде болды.
Әскери қызметші Қылмыстық кодекстің 120-бабы «Зорлау» бойынша сотталды.
Тергеуді Батыс аймақтық әскери тергеу департаментінің Ақтөбе бөлімінің қызметкерлері жүргізді.
Зардап шегуші кәмелетке толмаған, сондықтан істің егжей-тегжейі жарияланбайды.
Астана сотында тыңдау жабық есік артында өтті.
«Ер адам жасөспірімнің дәрменсіз жағдайын пайдаланып, онымен жыныстық қатынасқа түсті. Ол кінәлі деп танылды», — делінген сот құжаттарында.
Нәтижесінде бұрынғы әскери қызметші он бес жарым жылға бас бостандығынан айырылып, әскери шенінен айырылды.



