Әлеумет және қоғам

Қазақстанда көктемгі жылу 15–16 наурыздан басталады

Қазгидромет синоптиктерінің болжамына сәйкес, Қазақстанның көптеген өңірінде 15–16 наурыздан бастап күн жылына бастайды. Ең жылы күндер 17–20 наурыз аралығында болжанып отыр, сол кезде ауа температурасы елдің басым бөлігінде нөлден жоғары болады.

Қазақстанға көктемгі жылу қашан келеді деген сұраққа Қазгидромет синоптиктері жауап берді, деп хабарлайды Qandastar.kz тілшісі.

Астанадағы ауа райы
Елордада күн 14 наурыздан бастап жылынады деп күтілуде. 14–15 наурызда құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады, түнде аздаған қар жаууы немесе бұрқасын болуы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан 7–12 м/с жылдамдықпен соғады. Түнгі температура -2…-4°, күндіз 0…+2° шамасында болады.
16–17 наурыз күндері жауын-шашынсыз, тұман түсуі мүмкін. Түнде -3…-5°, күндіз +1…+3° дейін жылынады.
18–20 наурыз аралығында да жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр, түнде -5…-7°, күндіз -1…+1° шамасында болады.

Алматыдағы ауа райы
Алматыда көктемгі жылу 13 наурыздан басталады. Түнде және таңертең тұман болуы мүмкін, жолдарда көктайғақ пайда болуы ықтимал. Жел солтүстік-шығыстан 3–8 м/с, ал кей күндері 8–13 м/с жылдамдықпен соғады.
16–17 наурызда күндізгі температура +3…+6°, 18 наурызда +8…+10° шамасында болады. 19–20 наурыз күндері күндіз +10…+12° дейін жылынады, жаңбыр немесе жаңбыр аралас қар жаууы мүмкін.

Шымкенттегі ауа райы
Шымкентте ауа температурасы 12 наурыздан бастап нөлден жоғары болады. 12–13 наурызда күндізгі температура +2…+8°, 14–15 наурызда +8…+12° шамасында болады.
16–17 наурызда күндізгі температура +13…+17°, 18 наурызда +16…+18° болады. 19–20 наурызда күндіз +13…+15° шамасында сақталады, жаңбыр немесе жаңбыр аралас қар жаууы мүмкін.

Өңірлердегі жалпы болжам
Қазақстанның көптеген өңірінде күн 15–16 наурыздан бастап жылына бастайды. Ең жылы күндер 17–20 наурыз аралығында күтіледі. Осы кезеңде елдің басым бөлігінде ауа температурасы тұрақты түрде нөлден жоғары болады, ал кейбір оңтүстік өңірлерде 15–18° дейін жетеді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button