Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Польшада жоғалып кеткен қазақстандық әйел қаза тапты

Польшада жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен қазақстандық Екатерина Шилованың қаза тапқаны белгілі болды.

Бұл туралы марқұмның әпкесі «Айран» арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 43 жастағы әйел адам қолынан мерт болған.

Марқұмның әпкесінің айтуынша, қылмысқа қатысы бар деген күдікті ұсталған.

Алайда тергеу амалдарына байланысты құқық қорғау органдары оқиғаның басқа да мән-жайларын жарияламай отыр.

Айта кетері, Екатерина Шилова ақпан айының соңында отбасымен байланысын тоқтатқан.

Сол күні ол Варшавадан Астанаға ұшуы тиіс болғанымен, рейске отырмаған.

Кейін ол әпкесіне жоспар өзгергенін айтып, Германияда жақсы жұмыс тапқанын хабарлаған. Осы хабардан кейін әйелмен байланыс толық үзілген.

Қазір марқұмның отбасы оны туған жеріне әкеліп жерлеу үшін қаражат жинап жатқанын мәлімдеді. Жақындарының айтуынша, шетелден мәйітті жеткізу мен жерлеу рәсімдерін ұйымдастыру едәуір қаржыны талап етеді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button