ЖаңалықтарСпорт

Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын түсті

Ербол Хамитов 2026 жылғы Паралимпиада ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Пара биатлоннан 4,5 км қашықтықтағы із қуу дисциплинасында қазақстандық спортшы Ербол Хамитов тамаша нәтиже көрсетіп, Паралимпиада чемпионы атанды.

«Бұл – Қазақстан құрамасы үшін үлкен жетістік әрі ел спорты тарихындағы жарқын сәттердің бірі», — дейді спорт министрлігі.

Бұл — Ербол Хамитовтың Италиядағы Паралимпиада ойындарындағы екінші медалі.

Ол бұған дейін парашаңғы жарысынан қола медаль жеңіп алған.

 

Back to top button