Спорт

Бангкокта өткен Futures Cup турнирінде қазақстандық боксшылар жартылай финалға шықты

Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы Futures Cup халықаралық бокс турнирінде қазақстандық спортшылар сәтті өнер көрсетуде. Бірнеше отандасымыз жартылай финалға жолдама алып, финалға шығу үшін бақ сынамақ.

Таиландтың Бангкок қаласында World Boxing федерациясының ұйымдастыруымен жастар арасында Futures Cup халықаралық бокс турнирі өтіп жатыр. Бұл туралы Qandastar.kz сайты Zakon.kz порталына сілтеп хабарлады.

Жарыс барысында Қазақстан құрамасының он спортшысы финал жолдамасы үшін сынға түсуде. Ерлер арасында Досжан Жұмақан (60 кг дейін), Бейбарыс Әшірбай (70 кг дейін), Хамза Мақсатұлы (75 кг дейін), Тимур Тайбеков (80 кг дейін), Нұрсұлтан Қыстаубай (85 кг дейін) және Жалғас Утебеков (90 кг дейін) жартылай финал кезеңіне өтті.

Ал әйелдер арасында Ақнұр Тұрсынғали (57 кг дейін), Камила Оспанова (70 кг дейін), Зарина Толыбай (75 кг дейін) және Айдана Убайдуллақызы (80 кг дейін) жартылай финалда бақ сынайды.

Сонымен қатар, +90 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Владислав Саможонов жартылай финалда америкалық Калеб Стюарт Рейдті жеңіп, турнирдің финалына жолдама алды.

Жартылай финалдық кездесулер 14 наурыз күні өтеді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button