Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Exit poll: Референдумға қатысқандардың 86,7%-ы жаңа Конституцияны қолдаған

Республикалық референдумға қатысты exit poll нәтижелері жарияланды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

«Еуразиялық интеграция институты» зерттеу компаниясы «Хабар» агенттігінің тапсырысы бойынша жүргізген exit poll нәтижесіне сәйкес, референдумға қатысқан азаматтардың 86,7%-ы Конституцияға ұсынылған өзгерістерді қолдаған.

Зерттеу Қазақстанның 17 облысында, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында өтті. Сауалнама референдум учаскелерінен шыққан азаматтар арасында жүргізілген.

Exit poll 200 референдум учаскесін қамтыды. Оның ішінде 129-ы қалаларда, 71-і ауылдық елді мекендерде орналасқан. Жалпы зерттеуге 30 мың респондент қатысқан.

Сауалнама арнайы дайындықтан өткен интервьюерлер тарапынан face-to-face (бетпе-бет) әдісі арқылы жүргізілді. Зерттеу нәтижесінің қателік шегі 1%-дан аспайды. Күні бойы 7 сауалнама кезеңі өткізілген.

Респонденттерге: «Жаңа Конституцияны қабылдайсыз ба?» деген сұраққа қандай жауап нұсқасын таңдадыңыз?» деген сұрақ қойылған.

Сонымен қатар, «СОЦИС-А» кешенді әлеуметтік зерттеулер институты жүргізген exit poll нәтижесіне сәйкес, дауыс берген қатысушылардың 87,4%-ы жаңа Конституция жобасында қарастырылған өзгерістерді қолдайтынын айтқан.

Ал «AMANAT» партиясының Қоғамдық саясат институты өткізген exit poll қорытындысы бойынша, референдумға қатысып, дауыс берген азаматтардың 88,6%-ы жаңа Конституцияны қолдаған.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button